28.07.2016, 16:28
Қараулар: 414
Мерейлі датаға мерекелік шаралар

Мерейлі датаға мерекелік шаралар

3.28.07.16Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалық етуімен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс төрағасы күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандағы сала басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің хабарламаларын тыңдады. Мерейлі датаға орай Сырым ауданында өтетін шаралардың желілік кестесінде биыл 272 шара өтеді деп көрсетілген. Осы шаралардың 148-і ұйымдастырылған. Кестеден тыс 70 шара және ұйымдастырылған. Аудан басшылығы шаралардың айшықты, мазмұнды болып өтуіне байланысты ұсыныстар білдіруде.

Биыл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандағы әрбір ауылдық округте игі жұмыстар жасалады. Ауданымызда «25 жылдық – 25 жанұяға көмек!» атты жақсы бір жұмыс қолға алынуы мүмкін.

Б.ШЕРІМ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар