28.07.2016, 16:26
Қараулар: 340
Сақтандыру жүйесі енгізіледі

Сақтандыру жүйесі енгізіледі

2.28.07.16Өткен аптада Сырым ауданының орталық ауруханасында әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін түсіндіру бойынша семинар өтті.  Семинар жұмыстарын медициналық қызметке ақы төлеу жөніндегі БҚО департаментінің мамандары Балжан Темірғалиева мен Рысқаным Құсманова жүргізді.

Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені еске ала отырып, мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыруды енгізу жұмыстарын бастады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мемлекетке халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғауды жүйелеу үшін керек. Мамандардың пікірінше, бұл жүйе қатысушыларын уақтылы, қолжетімді, сапалы медициналық және фармацептикалық көмекті қамтамасыз етуімен өзін-өзі ақтайтын көрінеді.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен әрі қарайғы қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына, әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек және санитарлық авиация мен вакцинациялау кіреді.

Сақтандыру үшін жұмыс берушілер, қызметкерлер мен  салық органдарында өзін-өзі қамтушы болып тіркелген азаматтар өздерінің игілігіне жарна төлейтін болады. Экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарнаны мемлекеттің өзі төлейді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ететін аралас жүйе, оған қосымша МӘМС (мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру) және ерікті медициналық сақтандыру жүйесі елімізде 2017 жылы нақты жұмыс жасай бастайды.

Бауыржан Ширмединұлы