28.07.2016, 16:23
Қараулар: 331
Маңызы зор кеңес

Маңызы зор кеңес

10.28.07.16Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңестің мүшелері, аудан әкімі А.Шыныбеков, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімі апаратының басшысы, ауылдық округтің әкімдері, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг нәтижелері туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев хабарлама жасаса,  кезекті сөз кезегін алған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Баяндықов «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарындағы 83, 84 қадамдары халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласы бойынша атқарылған жұмыстар мен болашақтағы жоспарлар жөнінде баяндады.

Елбасының «Бес институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлттық жоспардың халықты жұмыспен қамту орталығы саласы бойынша орындалуы туралы баяндаған аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Иманғалиев 2016 жылдың 6 айында 173 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқанын тілге тиек етті. Орталық басшысының айтуы бойынша «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасының «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету  бағыты бойынша ағымдағы жылы жалпы білім беретін Қособа орта мектебін күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 135 млн. теңге бөлінсе, қазіргі таңда мектепті жөндеу жұмыстарына жұмыссыздар есебінен 30 адам уақытша жұмысқа орналастырылған.

Жиын соңында Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қ.Төлепов «2020 жылға дейінгі Жымпиты ауылдық округін дамыту жоспары» жөнінде баяндады. Ауылдық округ әкімі Қ.Төлеповтың мәлімдеуінше, 2020 жылға дейін жоспар бойынша шағын және орта бизнесті дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар арқылы кемінде 26 жоба жүзеге асырылып, жобалар іске асқан жағдайда 156 адам жұмыспен қамтылады.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі А.Шыныбеков көшелерді күтіп ұстау, аудандағы қоғамдық тәртіпті күшейту, аудан орталығындағы көшелерді абаттандыру жөнінде мәселе көтерді.

Үміт Жәңгірова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар