28.07.2016, 16:18
Қараулар: 395
Заңнамаларға енгізілген жаңалықтар

Заңнамаларға енгізілген жаңалықтар

11.28.07.16Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ауылдық округ әкімдері, аудандық аурухана директорының орынбасары және қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары, «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы, БАҚ өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсенов төрағалық етті.

Жиында сөз алған «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы: «Заң талаптарына сай бұрын баланың тууын тіркеу  туралы өтінішті оның ата-аналары ол туған күннен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс болған, қазіргі таңдағы енгізілген түзетулерге сәйкес баланың туған күнінен бастап үш күн мерзім ішінде тіркелуі тиіс. Сонымен қатар бала өлі туған жағдайда медициналық ұйымның жауапты лауазымды тұлғасы өтінішті беру мерзімі босанған кезден бастап бес тәуліктен бір жұмыс күнге дейін қысқартылды» -дейді.

Аудан және ауыл тұрғындарына ескерерлік жағдай флюрографияға түсіру бойынша медицина саласының қызметкерлері 25 шілде айынан Тоғанас ауылынан бастап,  барлық ауылдық округтерге шығып жұмыстанатын болады.

Ү.Жәңгір

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар