21.07.2016, 16:53
Қараулар: 432
Өз құқығыңды білесің бе?

Өз құқығыңды білесің бе?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеументтік даму министрлігімен 1 сәуір 2016 жылы   бекітілген 2016-2017 жылдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша өңірлерде үкіметтік емес секторды дамыту жол картасының 21-23 тармақтарын орындау мақсатында Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Сен өз құқығыңды білесің бе?» атты семинар-тренинг болып өтті.

Семинарға «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері, аудандық аурухананың психологы, әлеуметтік медбикесі, заңгерлер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қатысты. Жетікөл ауылдық округі бойынша күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер А.Есқазиева «Ата-ананың бала алдындағы міндеттері», Алғабас ауылдық округі бойынша күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер С.Наурызғалиева «Бала құқықтары туралы» тақырыптарына әңгіме жүргізіп, ата-аналарға қызықты тренингтер өткізді. Ата-аналар көкейінде жүрген сұрақтарға жауаптар алды, психологиялық көмек көрсету жөнінде кеңестер берілді.

Б.ЖалмаҒанбетова,

Бұлдырты ауылдық округі бойынша күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар