21.07.2016, 16:43
Қараулар: 549
Мамандық таңдау – жүрек қалауы

Мамандық таңдау – жүрек қалауы

09.21.07.16Заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда тамыры терең, тарихы 1960 жылдан бастау алатын  «Сырым колледжі» МКҚК-нің  орыны ерекше.

 

Колледждің үш жылға арналған  әдістемелік тақырыбы – «Жаңа білім беру стандартын енгізу жағдайында білім беру мен тәрбиенің жеке тұлғаға бағыттау арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың сапасын көтеру». Осы бағытта еңбек етіп жатқан колледж оқытушыларының еңбектерін атап өтсек, әсте артық болмас. Әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде  оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің сандық және сапалық құрамы жоғары білімді -90%, арнаулы орта білімді-10% жоғары санатты -8%, бірінші санатты -26%, екінші санатты-56%.

Жалпы сапалық құрамы стандарттық талаптарға толық сәйкес келеді. Оқу жылының қорытындысы бойынша оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің кәсіби құзіреттілігінің мониторингісі шығарылып тұрады.

Қазіргі уақыттағы нарық заңына сәйкес қоғамда сұранысқа ие мамандықтар «оператор», «аспазшы», «электргазбен дәнекерлеуші», «электромонтер»,  «бух­галтер», «фермер шаруа қожалығы»  болса,  колледждегі бұл бағытта да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы мамандықтарды сапалы әзірлеуде ерекше көзге түсіп, әкімшіліктің алғысына бөленіп жүрген өндірістік оқу шеберлері Ж.Хамидуллина, А.Қапашева, М.Мұрадымов, А.Жолдығұлов  және осы колледждің пән оқытушылары Т.Исатаев, М.Абдрахманова, Н.Ығылманова,  А.Мұтанова арнайы пән оқытушысы Н.Темірболатов, С.Бисембаева, А.Әубекерова және тәрбиеші Н.Берсебаева, кітапханашы Г.Зимұханованың еңбектерін атап өтуге болады.

Ал 2015-2016 оқу  жылында мамандық алып шығатын «аспазшы» мамандығы бойынша 27 студенттің қызыл дипломмен бітіргендері 15%, оқу екпінділері 37% болды.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Нұрлы болашақ» бүкілқазақстандық акциясын өткізу қарсаңында колледж студенттері «Бар жақсылық балаларға» атты кең ауқымды акция, жерлес ақындарға арналған әдеби кештер ұйымдастырды.

А.Батыршин,

«Сырым колледжі»

МКҚК-ның әдіскері