7.07.2016, 15:48
Қараулар: 435
Жамағат арасындағы жарыс

Жамағат арасындағы жарыс

05.07.07.16Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және мұсылмандардың ұлық болған Ораза айт мерекесіне орай мешіт жамағатының арасында қол күресінен, кір тасын көтеруден, бұқа тартыс және арқан тартыс ойындарынан  спорттық сайыс өтті.

Кір тасын көтеруде  24 келілік кір тасты 34 рет көтерген Бауыржан Күрпілдесов І орынға ие болса, қол күресінен Айдын Қарабасов ешкімге дес бермеді. Бұқа тартыста Аманғали Орынбасаров күштілігін дәлелдесе, арқан тартыста «Ж.Досмұхамедов көшесі командасы» бірінші орынды жеңіп алды.

Жарыста жүлделі орынға қол жеткізген жамағат диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Аудандық мешіттің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы арқан тартыста бірінші орынға ие болған «Ж.Досмұхамедов көшесі» командасының жетекшісі Батырбек Бисекеновке және сайыстың барлық түріне де қатысқан Қуандық Тілепалиевке ақшалай сыйлық табыс етті.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар