7.07.2016, 15:45
Қараулар: 439
Айт намазы оқылды

Айт намазы оқылды

07.07.07.16Ораза айттың басталуына орай ертемен Сырым аудандық орталық мешітіне айт намазына жамағат жиылды. Аудандық мешіттің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы Алланы ұлықтайтын Ораза айт туралы уағыз айтып, жамағатты ұйытты.

Аудан әкімі Абат Шыныбеков жамағатты Ораза айтпен құттықтады. Екі рәкат айт намазы, одан кейін құтпа оқылды. Айт намазына ерлермен бірге ауылдың ақ әжелері де қатысты.

Айт намазы оқылып болған соң, мешітке келген балаларға балмұздақ үлестірілді. Ораза айт Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және мұсылмандардың ұлық болған Ораза айт мерекесіне орай мешіт жамағатының арасындағы спорттық сайыстарға ұласты.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар