7.07.2016, 15:43
Қараулар: 377
Балаларға мерекелік тарту

Балаларға мерекелік тарту

14.07.07.16Астананың туған күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаларды қамқорлайтын «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігі мерекелік шара ұйымдастырды. Шараны «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбақша Ерғалиева ашты.

Астана күнімен орайлас келген Ораза айтқа байланысты балалар мен қонақтарға ақ пен ырысты шелпектен дәм тату ұсынылды. Астананың көрінісі бейнефильм арқылы көрсетілді. Балалар Елордамыз туралы ән тыңдап, Елбасы, Астана, рәміздеріміз туралы сұрақтарға жауап берді.

Елорданың төл мерекесіне орай «Нұр шуағының» қамқорлығындағы бүлдіршіндерді құттықтап, Бірыңғай жинақтаушы зейнатақы қорының Сырым аудандық филиалының бастығы Гүлзайда Жұбаниязова мен кеңесші маманы Гауһар Қажығалиева келді.  Қоғамдық бірлестікке балаларға арналған ойыншықтар тарту етіп, бүлдіршіндерге тәттілер үлестірді.

Одан кейін балалар Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар