7.07.2016, 15:34
Қараулар: 511
Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы

Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы

08.07.07.16Елордамыз Астана — Астана болғалы бері, көптеген игі істер жасалды. Соның ішінде Елорданы гүлдендіру, өркендету барысында құрылыс жобалары жолға қойылды. Құрылыс жобалары мақсатында Астанада зәулім үйлер, әсем ғимараттар, сауда орталықтары бой көтерді.

 

Қазір Астана десе, көз алдымызға елестейтіні – береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың биік мұнарасы  «Бәйтерек», «Ақ орда», «Хан шатыры», «Пирамида» — Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Думан» ойын-сауық отауы, «Нұр Астана» мешіті, «Қазақ елі» монументі сияқты кереметтері.

Біздің Елордамыздың гүлденуі – ол Қазақстанның да гүлденуі. Астанамыз туымен тұғырлы, әнұранымен айбарлы, елтаңбасымен еңселі, байлығымен әйгілі, халқымен үлгі болып, көркейе түсуде.

А.НЕГМЕТОВА,

ЖББ Бұлдырты орта мектебінің МАДС тәрбиешісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар