7.07.2016, 15:21
Қараулар: 425
Қадір түнін қарсы алды

Қадір түнін қарсы алды

01.07.07.16Шілденің 1-інен 2-сіне қараған түні, яғни, Рамазан айының 26-ншы түні “Ләйлатүл Қадір” — Қадір түні аудандық мешіт толы жамағат жиылды. Ерлер бір бөлек, әйел-аналар бір бөлек бөлмеде имамға ұйып, Құтпан намазына, одан соң Тарауих намазына, нәпіл намазға жығылып, сәждеге маңдай тигізді. Аудандық мешіттің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы жүректен жүрекке жетер уағыздар айтып, мешіт жамағатына Пайғамбарымыз (с.а.с.), Алла тағала, Рамазан айы, Қадір түні туралы викториналық сұрақтар қойды. Алланың 99 есімін жаңылмай атап берген жанға 10000 теңге ақшалай сыйлық тігілді.

Мың айдан да қайырлы түні мешітте бас қосқан жамағат ауыз бекітіп, таң намазын оқып тарқасты.

Шынар Молданиязова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар