7.07.2016, 15:19
Қараулар: 408
Күл-қоқыс шығармаған айыппұл төлейді

Күл-қоқыс шығармаған айыппұл төлейді

???????????????????????????????Тазалық мәселесі күн тәртібінен түспейді. Аудан орталығының ажарын кіргізіп, шырайын келтіруге ең алдымен тазалықтың қажеттігі айтпаса да  түсінікті. Тазалықты сақтамау денсаулыққа зиянын тигізеді. Шетелдік ғалымдар адамның жүрегін айнытатын күл-қоқыс, жағымсыз иістер мидың жұмыс жасауына кері әсер ететінін әлдеқашан дәлелдеген.

Бізді аудан орталығында тазалық айлығы өтті, алайда  оның нәтижесі қандай? Айлық өтті, бітті деп көшеге тұрмыстық қалдықтарды, баклажка, балмұздақтың  қағазы, дорба толы қоқысты тағы басқа нәрселерді тастай салатындар тағы шыға бастады. Жалпы тазалықты  сақтамағандар үшін қандай шара алынуда? Бұл жөнінде Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Азамат Исанов:

–  Тазалыққа қатысты маусым айында өзіме тиесілі 12 көше, 417 ауланы тексеріп шықтым.  Олардың ішінде көшедегі күл-қоқыстарын шығармаған 2 тұрғынға ескерту беріліп, 4 адамға 21210 теңге көлемінде айыппұл салынды.  Айыппұл салынбастан бұрын, көшелерде тұрғындармен жиын өткізіліп, рейд жүргізілді. Ауа райының көктемде жаңбырлы болуына байланысты тұрғындарға күл-қоқыстарын шығару үшін 8 маусымға дейін қосымша уақыт берілді.  Егер, күл-қоқысын  әлі де шығармаған аулалар болса, айыппұл салынады.  21210 теңге айыппұл төлегенше, 3000-3500 теңге көлікке төлеп, күл-қоқысты шығарту кім-кімнің де қалтасына үнемді емес пе?  Бір айта кетерлігі,  жұмыссыз, зейнеткер адамдар күл-қоқысын уақытылы шығарған, ал жұмысы бар, жағдайы бар азаматтар күл-қоқыстарынан арылуға асықпай отыр.

 Сонымен қатар ортақ пайдалану орындарын ластап, көшеге қоқыс, темекі тұқылын лақтырған 7 адамға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434 бабына сай  хаттама толтырылып, аудандық сотпен 21210 теңге айыппұл салынды.

Орталық алаңда, саябақтарда кейде мал жүреді. Әзірге төрт түлік иелеріне ешқандай шара алынбағанымен, алдағы уақытта оларға да шара алу мәселесі қарастырылуда. Сондықтан, ауыл тұрғындарына айтарым, малды өріске айдап, ауыл ішінде жүрмеуіне мұқият болыңыздар,-дейді.

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар