7.07.2016, 15:17
Қараулар: 252
Жаңашылдықтағы жаңа қызметтер

Жаңашылдықтағы жаңа қызметтер

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес аудан көлемінде тұрғындарға қызметтердің жаңа түрлері мінсіз көрсетіле бастады. Мәселен, бұл жәйтті ауданға қарасты тұрғындардың көпшілігі білсе де, арасында әлі болса да түсінбестікке бой алдырып жүргендері баршылық екендігі анық. Соған орай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы халыққа қызметтің көрсетілу түрлеріне төмендегіше тоқталғанды жөн көрдік.

Яғни,  2014 жылғы 11 наурыздағы №219 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі қызмет көрсету үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сай және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5  бабы 2 тармақ 1 тармақшасы бойынша көптеген қызмет түрлері Сырым ауданы бойынша халыққа қызмет қөрсету орталығы арқылы халыққа  көрсетіледі.

«Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктерді беру;

Әскери билеттерді (әскери билеттер орнына уақытша куәліктер ) запастағы офицерлерге беру;

«Әскери билеттерді (әскери билеттер орнына уақытша куәліктер) запастағы сарбаздарға, сержанттарға беру;

«Ұлы Отан Соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электростанциясында апат салдарын жоюға қатысушыларға куәліктерді беру»;

«Жеңілдіктері бар (ҰОС қатысушылар, жауынгер-интернационалистер, Чернобыль атом электростанциясында апат салдарын жоюға қатысушылар) тұлғаларға анықтамалар беру;

«Әскери қызметті өткеруді растау туралы» анықтамалар;

«Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы» анықтамаларды беру.

«Әскери техникалық және басқада мамандарға азаматтарды дайындау» туралы  жоғарыдан көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша халыққа таныстыру, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету және халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасалу  жөнінде  жұмыстар жүргізілмек.

М.СӘрсенғалиев,

Сырым ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар