7.07.2016, 12:10
Қараулар: 323
Мүлікті жария етуді ұмытпайық!

Мүлікті жария етуді ұмытпайық!

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтияры бар бар адамдарға мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы №213-V Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы заңның 4 бабына сай Мүлікті жария ету мерзімі ұзартылғандығы  туралы теледидардан көріп, баспасөз беттерінен оқып жүрсіздер.

Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып  және 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады, құқықтары Қазақстан Республикасы заңнамасына сай ресімделген.

Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды тапсыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып 2016 жылдың 30 қарашасында аяқталады.

Өзгеде мүлікті жария ету үшін құжаттарды тапсыру күні 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталып жария ету мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күннен кешіктірмей аяқталады.

ҚР аумағында орналасқан техникалық құжаттары бар, құрылысы 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін салынған жылжымайтын мүліктерді жария ету үшін жылжымайтын мүлік орналасқан жергілікті жердегі аудандық немесе қалалық әкімшіліктің жанынан құрылған комиссия құрамына құжаттарыңызды тапсыруға болады.

 ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүліктерді жария ету үшін Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында мүлікті жария етуге байланысты арнайы комиссия құрылып, жұмыс жасайтындығын және құжаттарыңызды осы аталған комиссияға тапсыруға болады. Байланыс телефондары 8(71134) 21-4-34;

ҚР аумағынан тыс жерлердегі ақшаны жария етуге байланысты ҚР аумағындағы екінші деңгейлі банктерде арнайы құрылған ақшаны жария етуге байланысты тұрақты комиссиясына хабарласуға болады.

2017 жылдан бастап кіріс пен шығысты толығымен қамтитын мүлікпен табысты жалпыға ортақ декларациялау кезінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлердегі жылжымайтын мүлігі немесе ақшалай қаражаттары бола тұра  заңдастырмаған азаматтардың ҚР қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын хабарлайды.

Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар