7.07.2016, 11:46
Қараулар: 584
“Балаусадағы” жазғы демалыс

“Балаусадағы” жазғы демалыс

10.07.07.16Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, — деп оқу жылы аяқталысымен, мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Біздің ауылда да «Жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі   жанынан маусым айында ашылған «Балауса» жазғы демалыс лагері екі ауысым бойынша жұмыс жасайды. Бүгінде жазғы демалыс орнында 35 балдырған уақыттарын көңілді өткізуде.

Олардың ішінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары бар. Қазіргі екінші ауысымда демалыс лагерінде барлығы 35 бала алаңсыз демалыстарын өткізуде. Лагерьге келген демалушыларды күнделікті мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға 1 мезгіл тамақ беріледі. «Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындар өткізіп жүрген 2 тәрбиеші, 1 жаттықтырушы, 1 музыка жетекшісі бар.   Лагерь демалушыларына әр түрлі ойындар ойнатылып, дойбы, шахмат жарыстары, тақырып бойынша тапқырлық, сөзжұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрады. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда. «Біз ойнаймыз, күлеміз, Күннің нұрын сүйеміз!», «Жігіт сұлтаны – 2016», «Алло, біз таланттарды іздейміз», «Мен елімді сүйемін» патриоттық әндер  сайыстарына оқушылар қызығушылықпен қатысады. Әдеп туралы әңгіме, әсемдік жайлы мақал-мәтелдер жарыстары көңілді өтуде.  Балалардың көңілді демалып жатқандығы жүздерінен көрініп тұрды. Балалардың  қайсысымен әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, мектеп жанындағы лагерьге келу арқылы  түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеретінін айтып, мәз-мейрам болысады. Осылайша, лагерьдің әр күні мәнді де сәнді өтуде. Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін ерекше атап өтіп, жоғары бағалауға болады. Олар лагерьдің қызықты, көңілді өтуіне аянбай, шаршамай өз үлестерін қосқаны байқалып тұр. Осылайша, «Бақыт деген сенің бала күндерің»   тақырыбында өткен «Балауса» лагері оқушылар  көңілінен шығуда.

Кенжегүл ҚуанышҚалиева,

ЖББ Аралтөбе орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жазғы демалыс

Басқа да мақалалар