5.05.2016, 15:59
Қараулар: 453
Үздіктерге марапат

Үздіктерге марапат

01.05.05.16Орал қаласындағы облыстық қазақ драма театрында Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына арналған «Хрустальді шоқыр – 2016» жүлдесінің V облыстық байқауының қорытынды марапаттау  шарасы өтті.

 

Бұл шарада Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков «Балалар туризмін дамытудағы жергілікті атқарушы органдар ролі» аталымы бойынша «Хрустальді шоқыр – 2016» сыйлығын алды. Осындай сыйлық туристік-өлкетану және экологиялық қызметті бұқаралық ақпарат құралдарында үздік насихаттаған «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Бауыржан Ширмединұлына да табыс етілді.

Туристік-өлкетану қызметін үздік ұйымдастырған мектепке дейінгі ұйым ретінде аудандық «Балдырған» балабақшасы және Сырым аудандық жас туристер станциясының туризм бөлімінің меңгерушісі Жасқанат Есламғалиев туристік-өлкетану және экологиялық жорықтар мен экспедицияларды ұйымдастырғаны үшін марапатталды.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар