5.05.2016, 15:54
Қараулар: 193
Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес

Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес

Ауылдық округі әкімі аппаратында  құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жылдық іс-шара жоспары жасалып, сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Жоспарға сәйкес құқықтық оқулар өз деңгейінде жүргізілуде. Атап айтқанда ауыл тұрғындары, мекеме басшылары, шаруа қожалықтары жетекшілері, мұғалімдер, кітапхана, клуб, аурухана, ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері, жастардың қатысуымен «2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалуын насихаттау туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті», т.б тақырыптарда  2015 жылы 12 құқықтық оқулар, ал 2016 жылы 3 айында 3 рет құқықтық оқулар өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген. Осы мақсатта ауылдық округі әкімі аппаратында сенім телефоны жұмыс істейді.

Ауылдық округ әкімі аппараты орналасқан ғимаратта ауыл әкімінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдау тақтасы ілініп, күн сайын сағат 0900-ден 1300-ге дейін қабылдау жүргізіліп келеді. Осы кезге дейін 2 жеке қабылдау болып, жеке және заңды тұлғалардың өтініші уақытында тіркеліп, ауыл әкімінің құзырына жатпайтын өтініштер жоғарғы тұрған органдарға жолданды. Қалған өтініштер дер кезінде уақтылы шешімін тауып, өтініш иелеріне жазбаша жауаптар берілді. Өтініштерде ең көп көтерілетін мәселе –жер мәселесі, еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық  мәселелері жөнінде өтініштер түскен болатын.

Ауылдық округ  әкімі және ауылдық округі әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер 2016 жылдың наурыз айының 10-шы жұлдызына дейін аудандық кірістер басқармасына жыл сайынғы кірісі жөніндегі декларацияларын уақытылы тапсырып, мемлекеттік қызметшілердің жеке іс-қағазына тігілді.

Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық заңнамасы және мемлекеттік қызмет заңнамасының сақталуы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалардың мемлекеттік қызметке түсуіне тиым салынғаны жөнінде нормалардың сақталуы қамтамасыз етіледі.

Ауылдық округ әкімі аппараты тауарлардың, жұмыстарының және қызметтерінің мемлекеттік сатып алуларды веб-портал арқылы өткізіледі. Бюджеттік қаражаттарды жұмсау бойынша мемлекеттік органдарымен шешімдерді қолдану және іске асыру ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық мемлекеттік сатып алулар веб-сайт арқылы өтеді, сайтта барлық әлеуетті өнім берушілер хабарлама мәтінімен таныса алады және конкурсқа қатыса алады.

С.БаҚтыҒалиев,

Сарой ауылдық округінің әкімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар