5.05.2016, 11:28
Қараулар: 271
Жер учаскесіне шешім беру

Жер учаскесіне шешім беру

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бекітті. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзім  көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға немесе порталға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап – 30 күнтізбелік күнге дейін, көрсетілген қызметті беруші көрсетілген қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметтерді беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қатыстырудан дәлелді жазбаша бас тартады. ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Порталға жүгінгенде — 30  күнтізбелік күнге дейін. Құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты — 15 минут, құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты — 15 минут. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны  электрондық  және  қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі — жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық түрде көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі ұсынады: өтініш;жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі;

 Порталда :қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі — құжаттың электрондық көшірмесі түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚКО және  олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану шағым көрсетілген қызметті берушінің басшысына шағымдана алады. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті беруші арқылы қолма-қол қабылданады. Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

Заңнамада белгіленген өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарын қабылдау үшін ХҚКО-ның қызметкері бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы өтініш жасау көмегімен тұрғылықты орнына барып жүзеге асырады.

Т.Ихсанов,

Бұлан ауылдық округінің әкімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар