5.05.2016, 11:25
Қараулар: 394
Өнімділікті анықтайтын басты фактор

Өнімділікті анықтайтын басты фактор

Аудан көлемінде егіс танаптарының арамшөптермен ластануының негізгі себебі, шаруашылықтарда мәдени дақылдардың өсіру және күтіп баптау технологиясының бұзылуында болып отыр.

Осыған байланысты егіс танаптарында арамшөптермен ластануы қарқынды жүруде. Егістіктерде кең таралған арамшөптер қатарында сары қалуен, татар ақсүттіген, у кекіре, қара сұлы және көптеген тағы басқалары бар көлемде жиналуда жағдай туғызады. Арамшөптермен аса жоғары зияндылығы қуаңшылық  жылдары байқалады. Топырақтағы ылғал қорын көп мөлшерде пайдаланып, арамшөптер топырақты қатты кептіріп жібереді.

Сонымен қатар олар үлкен көлемде қоректік заттарды шығындап, топырақ құнарлығын төмендетеді және мәдени дақылдары күн сәулесінен көлегейлеп, өсіп дамуына кері әсерін тигізеді.

Жайқалып өскен арамшөптер дәнді дақылдардың сабағын қағып, оларды құлатып тастайды. Өнімді жинауда қиындықтар тудырып, үлкен шығындарға әкеліп соқтырады.

Арамшөптермен ластанған егіс танаптарынан жиналған өнімді кептіруге және тазартуға қосымша шығын жұмсалады. Фитосанитар­лық жағдайды  жақсарту және ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің тазалығын қамтамасыз ету, өнімділігін жоғарылатудың негізгі жағдайын жақсарту   болып қана қоймай, жер пайдаланушылардың  ҚР «Жер кодексіне» сәйкес ол жерлерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау және алдын алу міндеті болып табылады.

Егістіктердің арамшөптермен ластанған қалыпты жағдайды, бұл мәселені кейінге қалдырмай шешуді қажет етеді. Ал, бұл үшін ауыспалы егісті сақтау, таза пар үлесін көбейту, агротехникалық өңдеуді жүргізу, тұқым себу мерзімін дұрыс таңдау және қазіргі заман талабына сай жаңа гербицидтерді қолдану қажет.

 Г.Разиев,

ҚР АШМ АӨК МИК  «Республикалық фитосанитарлық

 диагностика  және болжамдар әдістемелік  орталығы» РММ Сырым аудандық филиалының гербологы

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар