26.04.2016, 15:58
Қараулар: 281
Мұғалімдер бас қосты

Мұғалімдер бас қосты

ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте «Дін және зайырлы қоғам» атты дөңгелек үстел өтіп, Сырым аудандық орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы, «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог Ержан Жұмағожиев, аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дінтау пәнінің мұғалімдері қатысты.

ЖББ Аралтөбе орта мектебінің дінтану пәнінің мұғалімі Қ.Арыстанов  «Дінтану пәнінің сапасы, ерекшелігі», теолог Е.Жұмағожиев «Дін және радикалды ағым», бас имам Б.Құралбайұлы «Дін және зайырлы қоғам» тақырыбында бяндамалар жасады.

Дөңгелек үстел барысында дінтану пәнінің сапасын арттыру, дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діндердің ара жігін ажырата білу сынды мәселелр талқыға салынды. Егер оқушылар ислам діні жайында терең білгісі келсе, тек дін мамандарынан ғана кеңес сұрауды, дәстүріміздің шариғатқа сай екенін санасына құю қажеттігі айтылды. Ұстаздар көкейлерінде жүрген сауалардарын қойып, бас имаммен теологтан біраз ақыл-кеңес алды.

 Шынар МОЛДАНИЯЗОВА