14.04.2016, 16:19
Қараулар: 250
Жемқорлықты болдырмауға үндеді

Жемқорлықты болдырмауға үндеді

Жақында ҚР ІІМ БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мемлекеттік мекемесінің 2-ші полиция батальоны Сырым аудандық полиция взводы жеке құрамында сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында кеңейтілген семинар-кеңес өтті. Семинар жұмысына басқарманың жеке құрам жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Л.Есина мен 2-ші полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция капитаны О.Жұбандықов қатысты.

Шараның барысында семинар қатысушыларына ҚР мемлекеттік қызметшілері үшін Этикалық кодексте қарастырылған нормалар түсіндірілді. Осы сияқты ішкі істер органдарының қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау, заңдылықты ұстану, тәртіп мәселелері айтылды. Жеке құрамның назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуді және осындай індеттерге мүлдем төзбеушілікке үндейтін деректі фильмдер мен әлеуметтік бейнероликтер ұсынылды.

Кеңестің қорытындысында қатысушылар  анонимді сауалнамаға қатысты.

Б.ШЕРІМ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар