14.04.2016, 16:05
Қараулар: 250
Дайындық пысықталды

Дайындық пысықталды

Аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен жерлес жазушы Мұқадес Есламғалиевтің туғанына 70 жыл толуына арналған мәдени-көпшілік шараны аудан көлемінде өз деңгейінде ұйымшылдықпен өткізуге арналған жиын өткізілді.

 

Аудан әкімі Абат Абайұлы жиынға қатысушылардың ой-пікірлерін тыңдап, шара алды дайындықтың жайын пысықтады.

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпейісов ағымдағы жылдың 27 сәуірінде өткізілгелі отырған жазушы М.Есламғалиевтің туғанына 70 жыл толуына арналған шараның жоспарымен таныстырып өтті.

Жиынды аудан әкімі А.Шыныбеков қорытындылап, аталмыш шараны ойдағыдай деңгейде өткізе білу үшін әркім өз үлесін қосуы қажеттігін тағы бір мәрте пысықтады.

М.Әлібекұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар