14.04.2016, 15:55
Қараулар: 323
 » 
Жасыл екпелерді кесуге қатаң тыйым

Жасыл екпелерді кесуге қатаң тыйым

Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 6 бабының 5 тармағының 1-3 тармақшаларына сәйкес орман қорына мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер; қала ормандарын қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi жасыл желектер; үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 28 тамыздағы №26-4 шешімімен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Батыс Қазақстан облысының қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларының 4 тармағына сәйкес республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжайлар учаскелерінде және коммуналдық қызметтердің қарауына жататын зираттардың учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда барлық жасыл екпелер бiрыңғай жасыл қор құрайды және қорғалуға жатады.

Сонымен қатар, Орман кодексінің 113 бабының 1 бөліміне сәйкес орман қорын, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi қасақана жағып жiберу, өзге де жалпы қауiптi тәсiлмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе төгiндiлермен ластау салдарынан жою немесе зақымдау орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар болып табылады.

Орман кодексінің 116 бабына сәйкес Осы Кодекстiң 6-бабы 5-тармағының 3 тармақшасында) көрсетiлгеннен басқа, орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн заңсыз жою немесе зақымдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 340 бабының 1 бөлігімен үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндерді не қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдағаны үшін екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуа жаза көзделген.

2016 жылдың 3 айында кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу фактілері бойынша 4 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді, соның ішінде 2 адамға қатысты қылмыстық істер кінәлі тұлғалармен келтірілген залалды өндіруіне байланысты ақталмайтын негіздермен қысқартылды, ал 2 адамға қатысты сот үкімдері шықты.

Мысалы, 2016 жылғы 24 ақпан күні Сырым ауданы, Жамбыл елді мекенінің тұрғыны аз. М.Өтешов Бұлан ауылдық округінде орналасқан «Шідерті» өзенінің бойында өзі өсіп жатырған, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаш тектес талдарды (ива) заңсыз кесіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға сәйкес залал мөлшері 176 043 теңгені құраған.

Сырым аудандық сотының 14.03.2016 ж. үкімімен М.Өтешов ҚР ҚК-нің 340 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 90 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Дәл осылай 2016 жылғы 24 ақпан күні Бұлан ауылдық округінде орналасқан «Шідерті» өзенінің бойында өзі өсіп жатырған, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаш тектес талдарды (ива) заңсыз кесіп, олардың өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдап, 110 292 теңге залал келтіргені үшін аудандық соттың 10.03.2016 ж. үкімімен Р.Мамбетқазиев ҚР ҚК-нің 340 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 90 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар  үкімге сәйкес аталған тұлғалар мемлекет пайдасына өздерінің заңсыз әрекеттерімен келтірілген залалды өндіруге тиіс.

Сондықтан, аудан тұрғындарын орман қорындағы және орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін жауаптылық көзделгенін ескерте отырып, жасыл екпелерді қорғауға және сақтауға шақырамын.

М.Изимов,

Сырым ауданының прокуроры