11.02.2016, 12:16
Қараулар: 290
Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Аудандық әкімшіліктің үлкен залында 2016 жылғы Салық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семинарға аудан көлеміндегі кәсіпкерлер мен облыстан келген түрлі сала мамандары, атап айтсақ, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бөлім басшысы Т.Төлепов, камералық бақылау басқармасының бөлім басшысы А.Қуанова және қосылған құн салығы басқармасының бас маманы А.Үмбетова түсіндіру шарасына қатысты.

Семинарда жеңілдетілген декларация және патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану тәртібі мен өзгерістер, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу кезінде төленетін алымның мөлшері, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге 70 пайыздық жеңілдіктермен қызмет түрлері, жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу тәртібі және автокөліктер салығын біріші рет төлеу кезіндегі алымның мөлшері сынды өзгерістер өзек болды.  Еліміздің заңымен, елімізден тыс жерлердегі көздерден табыс табатын салық төлеушілер үшін мынадай өзгертулер айтылды. Биылдан бастап, патент және жеңілдетілген декларация негізіндегі салық төлеушілердің табыстарының көлемдерін, сондай-ақ, тиісті салықтарды төлеу, олардың салық есептілігін табыс етілуі нақтыланғандығын жеткізді. Сонымен бірге жеңілдетілген режиммен жұмыс жасайтын жеке кәсіп иелеріне салық кезеңіндегі жиынтық табысы 32 млн. теңге көлемінде және заңды тұлғалар бойынша табыс көрсеткіші 64 млн. теңгеден аспау керектігі атап айтылды. Алқалы жиынды Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Тажкенов қорытынды сөз сөйлеп, түйіндеді.

 Нұрлан Төлеуішов

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар