11.02.2016, 12:08
Қараулар: 367
Оқу семинары өтті

Оқу семинары өтті

“НұрОтан” партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында “Салықтық есептік нысанды электронды тапсырып үйренейік!” атты оқу семинары өтті.

Аудан кәсіпкерлерімен өткен бұл жиынды, өңірлік палата филиалының директоры А.Балғалиев ашып, қазіргі таңда есепті электронды түрде тапсырудың үлгісін айтып, бейнепроектор арқылы қатысушыларға таныстырды. Бұдан кейін А.Балғалиев компьютердегі нұсқасын кәсіп иелеріне қалай қолдану керектігін жете түсіндірді. Осы басқосуда кәсіпкерлер бұл іс болашақта керектігін айтса, енді бірі осы мекемеге арнайы келіп, үйренуге бола ма деген сұрақтарын қойды. Сала басшысы мекемеде М.Сәпиев, А.Бейсенғалиев деген кеңесші мамандар жұмыс жасайды, сол кеңесші мамандарға келіп, үйренуге болатынын жеткізді.

Филиал директоры Айдынғали Балғалиевтың айтуына қарағанда,  кәсіпкерлер салықты есептік нысанды тапсырудың электронды бағдарламасын орнату мәселесіне келгенде  аудандық кәсіпкерлер палатасының мамандары көмек бере алады.

Нұрлан Бердіғалиұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар