11.02.2016, 12:05
Қараулар: 324
Уақыт талабына нақты жауап

Уақыт талабына нақты жауап

7.11.02.16Аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс ХVІІІ конференциясы өтті. Конференцияға    «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков төрағалық етті.

 

«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық»  атты  «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, баяндама жасады.

 –  Сайлауалды бағдарламаның  негізі басымдығы дүниені шайқаған дағдарыстан оңтайлы шығу,  ол үшін жаңа  жол, тың бағыт іздеу. «Қазақстан-2021:  Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» бағдарламасы сайлау тұсында жасақталған уәделер жиынтығы емес, тұтас елдің алдағы бес жылдағы бағыт-бағдарын, болашағын бағамдаған құжат,- деген Талғат Мұратұлы  тұғырнамадан туындайтын міндеттер 5 институционалдық реформамен байланысты екенін атап өтті. «Жетікөл» бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Иманғалиев,  «Сырым жау­һарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ш.Дүйсенғалиева, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Д.Тайшиев жарыссөзге шығып, баяндаманы талқылады.

«Нұр Отан» партиясынан Сырым аудандық мәслихатына депутаттыққа үміткерлердің есімдері жарияланды. Партияның облыстық кезектен тыс ХVІІІ конферециясына делегаттар сайланып, саяси Кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді.

Конференция жұмысын қорытындылаған  «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы А.Шыныбеков партияның сайлауалды тұғырнамасында алға қойылған міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ