11.02.2016, 12:02
Қараулар: 472
Жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

Жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

10.11.02.16«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайтуға көңіл бөлінгені белгілі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы 2016 жылдан бастан күшіне енді. Аталған құжат 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегиясын жүзеге асыруға бағытталады.

Құжаттың басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Сонымен бірге құжаттағы нормалар мемлекеттік аппарат пен өзге де салаларда сыбайлас жемқорлықтың көрінуінен туындайтын қатерлерден Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Атап айтқанда, бұған дейінгі заңда белгіленген жемқорлық құқық бұзушылықтардың көпшілігі формалды және тәртіптік сипатта болғандықтан әрі материалдық игіліктерді көздемейтіндіктен, жаңа құжатта жемқорлық құқық бұзушылықтың жаңа көрінісі енгізілді. Заңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша негізгі өкілеттіктері бар уәкілетті орган айқындалған.

Бұдан бөлек, Заңда  «сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «сыбайлас жемқорлық тәуекелі» деген ұғымдардың мәні ашылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар, сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі, бұл індетпен күрестің жаңа шаралары енгізілді.

Сондай-ақ,  жаңа заңға сәйкес, мониторингті арнайы органдармен қатар, жеке және заңды тұлғалар да жүргізе алады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі болып табылады.

Осы заң, сондай-ақ демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімді нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті екенін білуге міндетті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін халық болып күрес жүргізуіміз керек.

Н.Кайыржанова,

Сырым аудандық

 әділет басқармасының

 басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар