11.02.2016, 12:00
Қараулар: 308
Шалғай елді мекендердегі қызмет

Шалғай елді мекендердегі қызмет

Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтары шалғай елді мекендерде қызмет көрсетеді. ХҚКО-ның жанынан құрылған мобильдік халыққа қызмет көрсету орталықтары шалғай ауылдардағы тұрғындарға қолайлы болды. Аудандық орталыққа жол жүруге байланысты шығындарды қысқарту және уақытты үнемдеу үшін мобильді ХҚКО ауылдық округтің әкімдерімен алдын ала келісілген кесте бойынша шалғай орналасқан елді мекендерге шығады және қызметтердің негізгі түрлерін көрсетеді.

Сырым ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы «Мобильдік ХҚКО»-ның қызметкерлері шалғайдағы ауыл-аймақтарға, сапар шегіп, мемлекеттік қызмет көрсетуде орасан істер атқаруда. «Мобилдік ХҚКО»-ға жүгінетін тұтынушылар көптеп саналады. Мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну шеңберінде электрондық сандық қолтаңбаны насихаттау бағытында «Электронды Үкімет» порталы мүмкіндіктері туралы толықтай мағлұмат беру мақсатымен жадынамалар парақтар таратып, кеңестер беріп келеді. Бүгінгі күнге дейін аталмыш орталықтың қызметі аудан орталығынан шалғай жатқан бірқатар ауылдық және селолық округтерге барып, тұрғындардың құ­жатын  түгендеуге көп әсерін тигізіп келеді. Мобильдік ХҚКО арқылы шалғайдағы ауыл-аймақтарды  аралап өтініштерін қабылдап, тұрғындардың сұрақтарына толық дұрыс кеңес беріп, құжаттарын дұрыстығын тексеріп беру, дайын болып келген құжаттарын үйлестіреді. Осылайша, алыс елді мекен тұрғындары, өздеріне қажетті анықтамаларды алу үшін аудан орталықтарына баруға кететін уақыты мен жол шығындарын үнемдейді.

«Мобильдік ХҚКО» жұмысы ұйымдастырылып, қазіргі күнде өз жұмысын әрі қарай жалғастыруда. Халықтың, оның ішінде аудан орталықтарынан шалғай орналасқан елді мекендерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қызмет көрсетуге толық мүмкіндік жасалынған.

Халыққа қызмет көрсету орталығының мобильді тобы әр уақытта халық игілігі үшін жұмыс жасайды.

А.Жукина,

 Сырым ауданы бойынша

 ХҚКО бөлім басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар