Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған Жымпиты ауылдық округі әкімінің ауыспалы кубогы үшін баскетболдан ерлер арасында ауыл біріншілігі өтті. Салтанатты ашылу рәсімінде ауылдық округ әкімі Қ.Төлепов сөз алып, жарысқа барлығы сегіз команда қатысты.
Допты доданың қорытындысы бойынша І орын «Мәдениет», ІІ орын «Өлеңті», ІІІ орын «Қ.Мырзалиев орта мектебі» командаларына бұйырды.
«Үздік қорғаушы» аталымына «Қ.Мырзалиев орта мектебі» командасынан Алмаз Абдрахманов ие болса, «Мәдениет» командасынан Думан Айташев «Үздік ойыншы» атанды. «Өлеңтілік» Думан Шналиев «Үздік шабуылшы» аталымымен марапатталды.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА