10.12.2015, 12:17
Қараулар: 262
Бастауыш партия ұйымында

Бастауыш партия ұйымында

Жетікөл ауылдық округінде “Нұр Отан” партиясы Жетікөл бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.  Жиынға “Нұр Отан” партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дарғожиев, аудандық Саяси Кеңес Бюросының мүшесі «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ш.Дүйсенғалиева, ауылдық округ әкімі, Жетікөл БПҰ-ның төрағасы С.Иманғалиев қатысты. Жиналыста Жетікөл БПҰ-ның 11 айда атқарылған жұмысы туралы баяндама тыңдалды.

Баяндама желісі арнайы әзірленген слайдтық материалдармен нақтыланып отырды.

Ш.Дүйсенғалиева Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауды талқылап, партия мүшелеріне түсіндіріп өтті.

Жиынның соңында жаңадан партияға қабылданған Сахан Гаухар Құлсарықызы және Шынғалиев Дулат Бауыржанұлына партиялық билеттері табыс етілді.

Балым Мирманова,

«Нұр Отан» партиясы

Сырым аудандық

 филиалының кеңесшісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар