10.12.2015, 12:16
Қараулар: 153
Қарағандыға ауыз су келді

Қарағандыға ауыз су келді

Ел тәуелсіздігінің 24 жылдығы мерекесі қарсаңында Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Қарағанды ауылының тұрғындары зор қуанышқа кенелді. Өйткені, ауыл халқы үшін бұл қуаныштың да жөні бөлек еді.

Күні бүгінге дейін ауыз судың зардабын көрудей-ақ көріп келген ауыл тұрғындары бұл қиындықтан ендігісін түбегейлі құтылып отыр. Сөйтіп, Сырым мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Салауат Ғабдуллиннің айтуынша, Қарағанды ауылы орталығынан тұрғындар үшін құны 1 млн. 300 мың теңгелік 1 шақырым жерден тұщы су көзі тартылып, іске қосылды.

Барлық қолайлы жағдайлары жасақталған бұл ауыз судың пайдалануға берілгендігіне тұрғындар болса, шынайы алғыстарын айтуда.

М.АЙТАШЕВ,

Тоғанас ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар