10.12.2015, 12:13
Қараулар: 263
Жауапкершілік жүктейді

Жауапкершілік жүктейді

11.10.12.15Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын ерекше ден қойып тыңдадық. Жаңа Жолдауда Елбасы дағдарыс жағдайында елді қыспаққа түсірмей алып шығудың қамын күйттегеніне куә болдық. Әрбір азамат үшін әлемдік дағдарыс жағдайында  елдің болашақ стратегиясымен танысу маңызды. Қазіргі экономикалық жағдайда  мемлекет пен халық бірлесе жұмыс жасауы керектігін айтты Елбасы.

Нұрсұлтан Әбішұлы бұған екі бірдей дағдарысқа қарсы жоспарды дайындап, дәйектілікпен жүзеге асырғанымызды, бұл жолы Қазақстан дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданып отырғанын, жасалған шараларды атады.

Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақы, шәкіртақылар орташа есеппен алғанда, 30 пайызға көбейіп, халықтың алдағы күндерге сеніммен қарап,  алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасалмақ. Елбасы дағдарысқа қарсы стратагемамыз ретінде экономикалық өсу, жаңа реформалар қабылдау, алға дамуды атап, маңызын ашып көрсетті. Дағдарысқа қарсы  және құрылымдық жаңарулардың  бес кешенді бағытын ұсынды. Олар – қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясаттың негіздері және жаңа әлеуметтік саясат. Елбасы жаңа әлеуметтік саясат енгізуде еңбекақылардың өсіп, әлеуметтік жағынан әлсіз, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, еңбекпен қамтудың  жаңа жол картасын жасауды Үкіметке тапсырды.

Елбасымыз айтқандай, рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі де бар. Сол мақсатқа жетуде Президентіміздің Жолдауға қойған міндеттерін орындауға әзірміз.

 Қайрат Төлепов,

Жымпиты ауылдық

округінің әкімі,

Жымпиты бастауыш партия ұйымының төрағасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар