10.12.2015, 11:46
Қараулар: 223
Мүдделес болуға шақырды

Мүдделес болуға шақырды

Аудан әкімі Абат Шыныбеков Бұлан, Жамбыл, Аралтөбе және Қызылағаш ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесулер барысында «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқылануда.

Аудан басшысы өз сөзінде Елбасы Жолдауымен жолы ашылатын жаңа тиімділіктерді атап өтті.

–  Бүгінгі жаһандық ахуалды қалыпты деп айту қиын. Әлемдік дағдарыстың әсері тек мемлекеттердің экономикасына ғана әсер етіп жатқан жоқ, кейбір елдердің саяси тұрақтылығына да қауіп төндіруде. Әлемдік аренада алпауыт елдердің арасындағы санкциялық саясаттың белең алуы, шикізат өнімдері бағасының құлдырауы сияқты дағдарыстың басты белгілері көбірек байқала бастады. Бұл жағдайда Қазақстан мемлекетіне заманға бейімделген жаңа ұстанымдар, ширақ шешімдер керек. Қаржы секторын тұрақтандыру, бюджетті оңтайландыру деген мәселелердің астында аста-төк шашпалықты азайту, үнемдеу саясаты жатыр. Жаңа Жолдау осыған үндейді. Еліміздің әрбір тұрғыны мемлекеттің мүдделесі болуы қажет,– деді аудан басшысы сөз басында.

Жергілікті тұрғындар өз тараптарынан Елбасының Жолдауына қатысты оң пікірлерін білдірді.

Кездесу барысында кейбір жергілікті маңызы бар мәселелер көтерілді. Оның ішінде аталған елді  мекендерге көгілдір отын жеткізу жұмыстарын қорытындылау жайы бар.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Бұлан ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар