10.12.2015, 11:41
Қараулар: 165
Жемқорлықты болдырмау – басты парыз

Жемқорлықты болдырмау – басты парыз

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес   мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі  ретінде айқындалған. Себебі, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Сондықтан, онымен күресу тоқтаусыз, барынша қатал, әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.     

Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Шынында да, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік мүддесіне қайшы лауазымдық мансаптығын асыра пайдаланудың барлық мүмкіндігін иелене алады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын» жүзеге асыру бағытында семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет этикасы, мүдделер қақтығысының жолын кесу, қызметтік тәртіпті сақтау жөнінен құқықтық оқыту тұрақты жүргізіліп отырады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша Жымпиты ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған, басшының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген. Бөлімде лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын бұзу фактілері жөніндегі халықтың уақытында өтініш жасау мүмкіндігін арттыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін «сенім телефоны» (40051) жұмыс істейді.

Баршаңызды ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халық­аралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті  тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойыңызды аулақ салмай, бірлесе күресуге шақырамын.

Арман БаяндыҚов,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар