10.12.2015, 11:38
Қараулар: 272
Қыз өссе – елдің көркі

Қыз өссе – елдің көркі

???????????????????????????????Қыз бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Өйткені, қыз – болашақ ана, болашақ отанасы. Осы орайда «Қыз баланың қоғамдағы тәрбиесі және оның гигиенасының маңыздылығы» тақырыбында «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігі «Сырым колледжінің» ЭЕМ операторы мен аспазшы топтарының студент қыздарымен жүздесті. Келелі кездесу барысында қыздармен ашық әңгіме жүргізілді. Тәлім-тәрбие бағытында ой өрбіткен кездесуде аудандық «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шынар Сайлауқызы қыз бала тәрбиесі жайында,  ал аудандық орталық ауруханасының акушері Дария Мүтиева денсаулықтың кепілі тазалық жайында қыздардың жетілуіндегі ерекшеліктер туралы баяндамаларын оқыды.  Қыз балалар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жайын ортаға салды.

«Нұр шуағы» ҚБ төрайымы Г.Ерғалиева қыз баланы жастайынан тәрбиелеп, адалдық, тәрбиелікке үйрету жайында кеңестер берді. Қоғамның ұйытқысы, ұрпақтың денінің саулығына жауапты, болашақтың байлығы қыз бала екенін ұғындырып, мәні зор дәріс оқыды. «Қызға – қырық үйден тыйым» деген сөз маржанын келітіріп, оның мағынасын қыз балалаға жеткізді. Әр оқушы өз ойын қыз бала, тәрбие деген ұғымдарды ашық түрде тақтаға жазып көрсетті.

Дәл осындай кездесулер ЖББ Ж.Досмұхамедов және Қ.Мырзалиев  атындағы орта мектептерінде де оздырылды. Тәрбие мен тәлім беретін мұндай шара ауылдық округтерде де жалғасатын болады.

М.Мәлікқызы