10.12.2015, 11:36
Қараулар: 277
Әлеуметтік қорғаудың тиімді жақтары

Әлеуметтік қорғаудың тиімді жақтары

10.10.12.15Халықты әлеуметтік қорғау саласына қатысты қызметтер атқару, бұл тұрғыда заңға сәйкес жүргізіліп отырған жұмыстар жөнінде «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті редакциясында өткізілген баспасөз мәслихатында ЗТМО БҚОФ Сырым аудандық бөлімше басшысы Жанаргүл Бекболсынова төмендегіше әңгімелейді.

– Жанаргүл Құттыбайқызы, аудандық бөлімшенің негізгі міндеттері қандай?

– Орталықтан зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттар (нысандар, құжат бланкісін) қабылдау, зейнеткерлік іс және жәрдемақы алушылардың істер макетін қалыптастыру, оларды қолданыстағы ереже және нұсқаулыққа сәйкес облыстық филиал арқылы тағайындауға жіберу,  зейнетақы және жәрдемақы алушылардың істерінің есебін, сақталуын қамтамасыз ету.

Орталықтандырылған база деректеріне зейнетақы және жәрдемақы алушыларды енгізу және өзгерістер енгізу,  республикалық бюджеттің  төлемақыларын  облыстық филиал арқылы  Орталық аппаратқа қажеттілікті қалыптастырып жіберу,  екінші деңгейлі банктерге беру үшін республикалық бюджет қаражатынан төленетін жәрдемақы және зейнетақы алушылардың тізім -ведомостісін қалыптастыру.

Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін екінші деңгейлі банктермен келісімдерге сәйкес қадағалауды жүзеге асыру,  зейнетақы және жәрдемақы алушылардың ай сайынғы жаңартылған санын,төленгені туралы мәліметті облыстық филиалға ұсыну, аудан бойынша зейнетақы және жәрдемақылардың нақты төленгені жөнінде есебін жүргізу.

Республикалық және жергілікті бюджет есебінен төленетін зейнетақы және жәрдемақы төлемдері туралы халықты қабылдаудағы сұрақтарына  ақпараттық кеңес беру, халықты әлеуметтік қорғаудағы  (оның ішінде әлеуметтік сақтандыру) уәкілетті органмен және Орталықпен анықталған басқада  түрлі қызметтер.

– Қолданыстағы қаулы, ереже, қағида, заңдар бойынша қандай қызмет түрлері көрсетілуде?

– Зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттен инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген  міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындауда «мемлекет кепілі» төленіп келді. Жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы тағайындалып, төленуде.

Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге, мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақы алушыларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы, жаппай қуғын-сүргіннен ақталған  құрбандарына біржолғы өтемақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидия төлемі.

Мүгедектік, асыраушысынан айырылған, қарттық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлемін, қарттық зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері.

 Жерасты және ашық таулы жұмыс орындарында, аса зиянды және ауыр жұмыс орнындағы тұлғаларға, еңбек жағдайлары өте зиянды және өте ауыр жұмыстардағы тұлғаларға мемлекеттік жәрдемақы төлемі, бала туғанда  берілетін біржолғы және 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар төлемі. 18 жасқа толғанға дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, оның күтімі үшін жәрдемақы.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайындағы әлеуметтік төлемдер.

Көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару мен мүлкін (оның ішінде малын) апару жөнінде шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу.

– Орталықтағы  жаңа әдіс-тәсілдердің қолданылу жағдайы қалай?

– ТМД  елдерінің арасынан алғашқы болып ҚР ЗТМО автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы халыққа қызмет көрсетуде. 2011 жылдан бастап халыққа ақпараттық қызмет көрсетуді жақсартуда ЗТМО базасында азаматтарға телефонмен СМС хабарлама, электронды пошта және WEB портал арқылы қызмет көрсететін ақпараттық-анықтамалық байланыс орталығы жұмыс істей бастады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жаңғырту мақсатында 2015 жылғы 12 наурызда ХҚКО, ЗТМО мен «Қазпошта» АҚ арасында үшжақты  меморандумға қол қойылды. Сәйкесінше,  шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында мобильдік топ құрылды.

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК 10 тәжірибелік қадамды іске асыру бойынша жол картасының жетінші қадамын жүзеге асыру жұмыстарының аясында ЗТМО 2015 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан-Ресей медициналық университетінің мамандарымен бірлесе отырып, мүгедек балаларды  тәрбиелеп отырған адамдарға психологиялық көмек және кеңес беру қызметін 1411 телефонына тегін қоңырау шалу арқылы және on-line кеңесіне кезекті брондауға қатысты халыққа қызмет көрсетуде.

М.Әлібекұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар