10.12.2015, 11:33
Қараулар: 299
Денсаулық – ең басты байлық

Денсаулық – ең басты байлық

2.10.12.15Дені саудың – жаны сау. Денсаулық – зор байлық. Міне, осы бағытта аудан көлемінде халықтың саулығын қорғау, бұл тұрғыда атқарылып жатырған басты жұмыстар жөнінде «Сырым аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ, МКК-ның директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Асхат Дүйсенғалиев баспасөз мәжілісінің қонағы ретінде төмендегінше әңгіме өрбітеді.

Аудан көлеміндегі денсаулық саласы бойынша  атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсеңіз.

— Сырым аудандық денсаулық сақтау саласы 2015 жылы 9 ай бойынша  денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты  Қазақстан»  Мемлекеттік бағдарламасын аяқтау, денсаулық саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру және Бірыңғай Ұлттық Денсаулық сақтау жүйесін енгізуде жұмыстанып келеді.

Денсаулық саласының жұмысы мамандармен қамтылуымен және біліктілігіне көп байланысты. Осы бойынша ауданымызда 31 – жоғарғы білімді дәрігер, 180 – медбике қызмет атқарып келеді.

Жылдың басынан бері білім жетілдіру курсынан Ақтөбе, Орал, Астана қалаларында  және көшпелі оқыту курстарынан (міндетті медициналық тексеріс өткізу және кәсіптік аурулар) 16 дәрігер,  20 орта буын медицина қызметкері  өтсе, 1 дәрігер-хирург Ақтөбе қаласынан  патолог-анатом мамандығы бойынша алғашқы даярлау курсынан өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінің № 630 30 қаңтар 2009 жылғы бұйрығын орындау мақсатында Ақтөбе қаласына мамандардың білімдері жетілдірілді. Қазіргі таңда 1 – психолог, 8 – әлеуметтік қызметкер штаты ашылып, материалдық техникалық базасы орнатылып, қызмет атқаруда.

Аудандық денсаулық саласын жас мамандармен қамту мақсатында 2014ж. – 1 дәрігер-стоматолог  келсе, 2015ж. – 1 ЖТД келді.

2014ж. –  6 медбике келсе, 2015ж. – 8 медбикемен қамтылды. Барлығы   да «Диплом­мен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме ақы және тұрғын үйлермен қамтылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. 2016 жылға 1 акушер-гинеколог, эндокринолог мамандарын шақырту жоспарлануда.

Осы мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатында регионалдық бағдарлама бекітілген болатын. Осыны орындау үшін 2014 жылы жергілікті бюджеттен — 37 млн. 571 мың теңге, республикалық бюджеттен – 518 млн. 466 23 мың теңге, барлығы – 556 млн. 037 мың теңге, 2015 жылы жергілікті бюджеттен — 30 млн. 380 мың теңге, республикалық бюджеттен – 418 млн. 130 мың теңге, барлығы – 448 млн. 510,100 мың теңге қаражат бөлінді, 1 тұрғынға бөлінген қаражат – 22 145 т.

Қазіргі таңда 7 ғимарат сатып алынып, 23 ғимарат күрделі жөндеуден өтіп тұр. Аудандық денсаулық саласы 1 – ПМК, 1 – реанимобиль, 15 – жедел жәрдем көлігі, 1 – Нива, 1 —  ассенизатор көлігімен қамтылған.

Медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында және қадағалау мақсатында 9 автокөлікке GPS және жедел жәрдем пунктіне АДИС бағдарламасын 3,800,0 мың теңгеге орнатылды.

Аудандық денсаулық саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуда 2014 жылы электроэнцефалограф-анализатор, реограф-полианализатор, дерматоскоп, аппарат Холтеровского мониторования, УЗИ,  ультра­звуковой сканер және т.б. 39,356,926 м.т. алынса, 2015 жылы 1,430,0 мың теңге – 1 дана экспресс-анализатор иммунохимический, 431520 мың теңгеге – перфузор контакт с инфузионной шприцевой насос – 2 дана, 1 дана – инфузионная стойка для крепления насосов 182,213 м.т. алынды.

Бірыңғай медициналық информациялық жүйесін енгізу, яғни болашақта электронды карта енгізу мақсатында ТОО «Жарқын болашақпен»  7,900,0 м. теңгеге келісім шарты жасалып, жұмысын бастап кетті, ал 2016 жылы іске қосылуы тиіс.

Сондай-ақ ауру­хананың жұмыс тәртібін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 7 бейне­камера орнатылды.

Орталық ауру­хананың жедел автокөліктеріне халыққа уақытылы және сапалы  медициналық көмек ұйымдастыру үшін 4 жедел-жәрдем автокөлігіне 2015 жылдың аяғына дейін рация қою жоспарлануда.

        Ауданда ана мен бала саулығын қорғау, сәбилерге екпе жасау бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

– УЗИ скринингтен өту үшін ( перинаталдық орталыққа) әр бейсенбі сайын кесте бойынша жедел-жәрдем автокөлігі бөлініп, акушермен бірге жолданады.

Туу жасындағы әлеуметтік жағдайы төмен әйелдерге 2014ж. 49 жүкті әйелге – 490 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілсе, 2015ж. 2 жүкті әйелге – 59,460 мың теңге көмек көрсетілді.

Аудан бойынша 2014ж. 10 айда екпеден бас тартқан балалар саны – 51 болса, 2015ж. 10 айда олардың саны – 58-ге жетіп отыр. Екпеден бас тартушылықты азайту мақсатында ата-аналармен 2 рет дөңгелек үстел, 2 рет ата-аналар конференциясында дәріс оқылды, жергілікті бұқаралық ақпарат құралына мақалалар жарияланды, жеке ата-аналармен әңгіме жүргізілуде. Соның нәтижесінде 1 ата-ана жасырын түрде екпені алуға келісімін беріп отыр.

Тұмауға қарсы 1440 адам егілді.

Сөз соңында аудан оқырмандарын тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, отбасылық қуаныш, елімізге тыныштық тілеймін.

М.Әлібекұлы