19.11.2015, 16:50
Қараулар: 348
Жемқорлыққа жол бермейік!

Жемқорлыққа жол бермейік!

1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Мәселен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықтан сақтандыру және болдырмау мақсатында жүйелі түрде бақылаулар жүргізіліп, осы жылдың 4 тоқсанына аудан бойынша МКБ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралар жоспары жасақталды.  Осы жылдың 6 айы ішінде «ҚР 2015-2025  жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын»  және «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің новеллаларын» насихаттап, түсіндіруге арналған дәрістер осы бөлімнің қызметкерлеріне жүргізілді. Жемқорлыққа қарсы тұрып, болдырмау мақсатында дөңгелек үстелдер өткізіліп, ақпараттандыру тұрғысында БАҚ-та материалдар жарияланып келеді. Жағымсыз құбылысқа жол бермей, оны  жою бағытында жүйелі күрес жүргізу – әрбір азаматтың  міндеті болмақ.

 

Сырым аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар