19.11.2015, 16:47
Қараулар: 251
Кеңес отырысында – кәсіпкерлер

Кеңес отырысында – кәсіпкерлер

Аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен өткен  кәсіпкерлер кеңесінің отырысында бірнеше мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ, ауданда шағын кәсіпкерліктің дамуы және мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы, кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлерді қолдау орталығының атқарылған жұмыстары, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне 2016 жылға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайында, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2015 жылы берілген несие арқылы жүзеге асқан жобалар жөнінде тиісті бөлім басшылары мен мамандар ақпар берді.

 Кеңесті қорытындылаған аудан басшысы кәсіпкерлер қолға алып атқаратын жұмыстарды тілге тиек етті. Солардың бірі жол бойындағы қызмет көрсету сервисін дамыту болатын. Осы бағытта жұмысты ширату керектігі айтылды. Сонымен қатар салық базасын көтеру жөнінде жүргізілетін жұмыстардың мардымсыздығына тоқталды.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар