19.11.2015, 16:44
Қараулар: 315
Жинақ банкінің өкілдері келді

Жинақ банкінің өкілдері келді

Аудан әкімдігінде «Жинақ банкі» акционерлік қоғамы еншілес банкінің  Орал қаласындағы филиалының директорының орынбасары Назгүл Ихсанова мен жалақы жобалары және эквайрингті сату секторының бастығы Эльвира Көмекбаева іссапармен болып, аудан әкімімен, орынбасарларымен, аппарат басшысымен, кәсіпкерлік, экономика және қаржы бөлімінің, Ұлттық кәсіпкерлік палатасының басшыларымен жүздесті.

Жинақ банкінің өкілдері банктің ұсынатын қызметтерімен, жеңілдіктерімен, тарифтерімен таныстырып, халыққа тиімділігін түсіндірді. «Жинақбанк»  АҚ еншілес банкі халықаралық жинақ банкінің құрамына кіреді. Банк сегіз жыл бойы  Қазақстанның қаржы нарығында табысты еңбек етіп келеді. «Жинақбанк» –  Орталық және Шығыс  Еуропадағы  ірі банк. Географиясы 22 мемлекетті қамтып, Ресейден тыс клиенттер саны  10 миллионға жетті. Банктің «Бюджеттік» пакеті қызметі заңды тұлғалар үшін қызметкерлердің карточкалық шоттарына еңбекақы аудару – 0,2 теңге, шот ашу тегін, «интернет кеңсеге» қосылу, корпоративтік карточкалары, кассалық қызмет көрсету және басқа қызметтер бойынша 50 пайыз жеңілдікті ұсынады.

Ал, жеке тұлғалар үшін банкоматтан қолма-қол ақша алу, карточкалық шоттарды ашу және жылдық қызмет көрсету, кредиттік карточка ашу тегін. Өз шотын «Жинақбанк Онлайн Банкинг» арқылы қашықтықтан қатынау арқылы  және ұялы байланыс арқылы  басқару, автотөлем, сақтандыру полисі,  коммуналдық төлемдер  қызметі де тегін.  Картасына байланысты  тегін немесе алғашқы үш ай тегін SMS-банкинг қызметі де бар. Несие берудің кепілсіз, несиелік карта, ипотека, автонесие және басқа түрлерінде жеңілдіктер қарастырылған. Шетелде Ресей, Украина, Беларусь, Хорватия, Түркияда жүрсеңіз, «Сбербанктің» банкоматынан жеңілдікпен қолма-қол ақша алу да – халық үшін тиімді қызметтерінің бірі.

Аудан әкімі А.Шыныбеков банктің қызметтерін саралай отырып, ауылдық округ әкімдерімен, кәсіпкерлермен өзара ақылдасып, кеңесіп,  бір шешімге келетінін айтты.

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар