19.11.2015, 16:40
Қараулар: 297
«Нұр Отанда» есеп тыңдалды

«Нұр Отанда» есеп тыңдалды

???????????????????????«Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалында партияның Саяси Кеңесі Бюро  мүшелерінің, депутаттық фракциясының жетекшісінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырылуы жайында салалардың жұмыстары тыңдалды. Жиынға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев төрағалық етті.

Жиын барысында тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ө.Бектенов  тұрғын үй, газдандыру, ауыз су, жарық, жолға қатысты, экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жұмсалған қаржылар, жас мамандарға көмекке қатысты атқарылған  шаралармен  таныстыр­ды. «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» бағдарламаларының орындалуы мен алда жоспарланған жылыжайды дамытып, кондитерлік өнім шығару мәселесін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев сөз етсе, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы А.Исқақов жүргізілген құрылыстарды саралады.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар