19.11.2015, 16:33
Қараулар: 323
Игі шара

Игі шара

Мейірбандылық айлығы аясында аудандық “Жас туристер станциясы” мекемесінің үйірме оқушылары жетекшілерімен бірлесе ауданымыздағы соғыс ардагері Латифолла Кереев атамыздың шаңырағында  болды.    Ардагер атайды өткен Қарттар күні мерекесімен құттықтап, мекеме басшысының құттықтау хаты мен арнайы тартуы табысталды. Ауданымыздың мақтанышы Латифолла атай қазіргі таңда 91 жасқа келген екен. Жылы қабақпен қабылдаған атай оқушыларға майдан кезіндегі әңгімелерін айтып, зұламат соғыстың оқиғаларымен бөлiсті. Оқушылар ардагер атайдың әсерлі әңгімелерін қызыға тындады. Тарихқа толы ангімеден соң оқушылар атайдың аула жұмыстарына көмектесті.  Көмекші топ ауланы жиыстырып, керексіз қалдықтарын арнайы қоқыс жәшіктеріне салды. Латифолла атай кішкентай қолғанаттарына аталық батасын беріп, сабақтарын жақсы оқып, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағына үлестерін қосатын азамат болуларына тілектестігін білдірді.

«Жас туристер станциясы» МКҚК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар