19.11.2015, 16:32
Қараулар: 505
Кайырымдылық концерті

Кайырымдылық концерті

2.19.11.15«Нұр Отан» партиясы, «Бұлан» бастауыш партия ұйымының қолдауымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында, Бұлан мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мейірім шуағы» атты аудан, ауыл өнерпаздары ұйымдастырған кайырымдылық концерті өтті. Концерт барысында ауыл әкімі Тарас Жасұланұлы сөз сөйлеп, сахна шымылдығын ашса, әлуметтік педагог Ләззат Бақтығазиева құттықтап сөз сөйледі. Мектеп ұжымы сахналық  көріністерін  қойса,  ауыл өнерпаздары ән шырқады. Концерт барысында қайырымдылық жәшігі қойылып, мейірман жандар өз мүмкіндігінше қаражат салып, концерт аяғында сол қаражат мүмкіндігі шектеулі балалар Данияр Жантеміров пен Оксана Беделғалиеваға  таратылып берілді.

Айдарбек КӨлбаев,

Бұлан ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар