19.11.2015, 16:22
Қараулар: 486
Батагөй ақсақалдар сайысты

Батагөй ақсақалдар сайысты

3.19.11.15Қасиетті жұма күні Сырым аудандық орталық мешітінде аудандық мешіттің және «Сырым» деструктивтік жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Баталы ел арымас, батасыз ел жарымас» атты аудан ақсақалдары арасында бата беру сайысы өтті.Жарысты аудандық орталық мешіттің бас имамы Бақытжан Сабыралиев ашты.

Сайыскерлердің баталарын облыстық мешіттің ақсақалдар алқасының өкілдері бағалап, таразыға салды. Бата беруге ауылдық округтерден келген жиырмадан астам ақсақал қатысты.

Ақсақалдардың тек бата беруіне ғана емес, сонымен бірге ұлттық киім үлгісі, дауыс ырғағы, сөз анықтығына, бата мәтінінде шариғатқа қайшы келетін «әруақтар қолдасын, әруақтар желеп-жебеп жүрсін, Қыдыр жолдасың болсын» деген сөздердің болмауына, дін мен дәстүрдің  біртұтас етіп көрсетуіне мән берілді.

Бата беру сайысы аяқталған соң, ақсақалдар жұма намазына қатысып, С.Хамзиннің «Жолаушы» мейрамханасында жайылған дастарқаннан дәм татты. Батагөй аталарымыздың ішіндегі жүлдегерлер түскі ас кезінде марапатталып, диплом және бағалы сыйлыққа ие болды. Бірінші орында Өтебай Сағидуллин, екінші орында Аманқос Аманғалиев, үшінші орында Сайлау Кәкімов  пен  Закария Кәрімов көрінсе, Аяпқали Жақсылықов пен  Нығаметолла Әбдуғалиев ынталандыру сыйлығына ие болды.

Ұйымдастырушылар «Жолаушы» мейрамханасының иесі Сейіт Хамзинге дән риза.

 

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар