12.11.2015, 11:48
Қараулар: 291
«2015 жылы газ берілуі керек»

«2015 жылы газ берілуі керек»

3.12.11.15Өткен аптада аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан басшысы Абат Шыныбеков Сырым ауданы бойынша биыл көгілдір отын жеткізілуі тиіс деп белгіленген елді  мекендердегі ішкі желілерді тартуға жауапты мердігерлермен жүздесті.

Аралтөбе – Қызылағаш – Бұлан – Жамбыл – Тамды – Қоңыр – Бұлдырты – Көгеріс – Қарақұдық – Көздіғара елді мекендерінің ішкі желілерін тарту жұмыстарын «Экодаши Газ и К», «Нұржан»  және «Батысремстройпроект» сияқты үш бірдей серіктестік жүргізуде. Аралтөбе ауылдық округі мен Бұлан ауылдық округіндегі жұмыстарға жауапты мердігер «Экодаши Газ и К» ЖШС және Жосалы ауылдық округіндегі жұмыстарға жауапты мердігер «Нұржан» ЖШС өз жұмыстарын тиянақты деп сендіріп отыр. Бұл мердігерлер өздеріне тиесілі шаруаларды мүмкіндігінше қарқынды атқаруда.

Ал, Бұлдырты ауылдық округіне қарасты Бұлдырты, Көгеріс, Қарақұдық және Сарой ауылдық округіне қарасты Көздіғара  елді  мекеніндегі ішкі жұмыстарға жауапты «Батысремстройпроект» ЖШС жұмыс үлгерімі мардымсыз. Аудан әкімі Абат Шыныбеков мердігер серіктестіктен тапсырылған шаруаны ыждағаттауды талап етті.

«Аудандағы көгілдір отын желісіне қосылу жұмыстары межеленген уақытында аяқталуы керек. Әріптестеріме осы мәселені қадағалауға алуды тапсырамын. Бұл жұмысқа бәріміз де жауаптымыз. 2015 жылы газ берілуі тиіс», — деді аудан басшысы қорытынды сөзінде.

 

Бауыржан Ширмединұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар