12.11.2015, 11:43
Қараулар: 342
Ардагер атындағы турнир

Ардагер атындағы турнир

8.12.11.15Еліне елеулі еңбегімен танылған «Сырым ауданының құрметті азаматы», соғыс және еңбек ардагері Молдаш Қаналыұлы Қаналиевті еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан  аудандық турнир М.Қаналиев атындағы орта мектеп-балабақша кешенінде салтанатты ашылу рәсімімен аталып өтті. Аудандық «Қайсар» спорт клубы мен Қаналиевтер жанұясы ұйымдастыруды қолға алған турнирге аудан әкімі А.Шыныбеков, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Ғалымов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Сарғозыұлы, М.Қаналиевтің ұрпақтары мен ауыл тұрғындары, әр ауылдық округтен барған 8 команда қатысты.

Ойын нәтижесі бойынша Жымпиты командасы І, Бұлдырты командасы ІІ, Аралтөбе командасы ІІІ орындарға қол жеткізді. А.Шалабаев  «Ең үздік либеро», Ч.Шайхиев «Ең үздік шабуылшы», Р.Қайырғалиев «Ең үздік ойыншы», Б.Мұқанов «Ең үздік қорғаушы» аталымдарына ие болып, ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар