12.11.2015, 11:39
Қараулар: 240
Әкімдіктің отырысында

Әкімдіктің отырысында

Аудан әкімдігінің отырысында  аудан  әкімі А.Шыныбеков мемлекеттік статистиканың 90 жылдығына орай сала қызметкерлерін құттықтап, құрмет көрсетті. Сала басшысы Гүлнұр Бекқожина мен қызметкері Тұрғали Ерғалиев аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Баяндықов бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік  қызметтерді ұсыну, мұқтаж жандарға қамқоршылық  тағайындау туралы хабарлама жасады.

Аудандық ауыл шаруашылығы  және жер қатынастары  бөлімінің басшысы  Қ.Молдағалиев  жер учаскелеріне қатысты хабарламалар жасады.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар