12.11.2015, 11:37
Қараулар: 340
Қарттарым – асыл қазынам

Қарттарым – асыл қазынам

Мейірбандылық және қарттар күніне байланысты аудандық «Жас туристер станциясы» МКҚК экология үйірмесі жетекшісі Мейрамгүл Мұхамедова және өзі жетекшілік ететін «Алтын дала» үйірмесі оқушыларымен “Қарттарым –  асыл қазынам” атты ашық тәрбие сағатын оздырды. Аталған шараға үйірме оқушыларының ата-әжелері және мекеме қызметкерлері қатысқан болатын.Тәрбие сағаты тақырыпқа сай 3 бөлімді құрады. Бірінші бөлім мақал-мәтелдер бөлімі аталып оқушылар өздері білетін қарияларға арналған мақалдарын ортаға салса, екінші бөлімде өздерінің ата-әжелеріне арнап жазған жүрекжарды шығармаларын оқып, өздерінің асыл ата-әжелеріне балалық махаббаттарын жеткізе білді. Тәрбиелік мағынаға толы шараның үшінші кезеңі оқушылардың ой-өрісін кеңейту және сергіту мақсатында психологиялық тренинг өткізумен жалғасын тапты. Тренингті арнайы аудандық аурухананың психолог маманы Әлия Жамбылқызы «Өрмекші» және «Дыбысты қайталау арқылы адам ағзасын жақсарту» атты қызықты тренингтерімен бөліссе, мекемедегі экология үйірме жетекшісі Илона Нұрмағанбетқызы «Құбыр» деп аталатын қызықты тренингімен оқушыларды сергітіп алды. Шара соңында үйірме оқушылары және жетекші М.Мұхамедованың орындауындағы «Аяулы ана» әні ұсынылып,  шара қонақтарына үйірме оқушыларының өз қолдарынан жасалған естелік сыйлықтар табысталды.

«Жас туристер станциясы» МКҚК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар