12.11.2015, 11:34
Қараулар: 264
Қамқорлық – жылы жүректен

Қамқорлық – жылы жүректен

9.12.11.15Мейірбандық айлығында «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы негізінде Бұлан ауылдық округінде мүмкіндігі шектеулі балаларға аудандық мекемелерден ізгілік көмек көрсетілген болатын. Атап айтсақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, аудандық ветеринарлық станциясының басшылары келіп, мүмкіндігі шектеулі балалар және олардың ата-аналарымен кездесіп, тілек-лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыс етті.

Ата-аналар да «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өз ойларын ортаға салып, ауданнан келген қонақтарға алғыстарын білдірді.

 М.Қанапиева,

Бұлан ауылдық округінің

әлеуметтік статист маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар