12.11.2015, 11:29
Қараулар: 278
Салалар есебі тыңдалды

Салалар есебі тыңдалды

4.12.11.15«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының отырысында «Қазақстан 2017 мақсаттары: Ұлттық іс- қимыл жоспарлары» атты сайлауалды тұғырнамасын іске асырудағы білім беру және денсаулық сақтау саласы басшыларының есебі тыңдалды.

Күн тәртібі бойынша аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайырбек Аманғалиев және аудандық орталық аурухананың басшысы Асхат Дүйсенғалиев хабарлама жасады.

Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы  Абат  Шыныбеков төраға­лық етті. Тыңдалған хабарламаларға қатысты аудандағы қосымша білім беру саласындағы жұмыс ауқымының азаюы, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру сияқты мәселелер айтылды, тиісті ұсыныстар берілді.

Партия филиалында келесі болып мәдениет саласы мен әлеуметтік саланың есебі тыңдалады.

 

Бауыржан Ширмединұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар